Пресс-анонс

Пресс-анонс

Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы»  қоғамдық қоры  гранты аясында Батыс-Қазақстан облысының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау жұмыстарын осы жылдың 11-і тамызында қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып өткізіледі.

Жобаның мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу. 

Оқыту курсын жүргізеді:

  • Теолог, исламтанушы, "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры –  Сабдин Асқар Калимжанович;
  • ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Абзелбаев Мұрат Назтаевич;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы" ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы.
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның аға оқытушысы, PhD доктор  Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы

          Күні және уақыты: 2020 ж. 11 тамыз, 09.00-18.00 сағ.

          Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Zoom программасы.