
2024 жылғы 16 қазанда Рухани келісім күнін мерекелеудің жалғасында Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Рухани келісім - бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын өткізді.
Дәстүрлі түрде отырыс бейресми форматта өтті. Отырыс барысында өңірдегі және әлемдегі діни ахуалға, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелеріне, жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығына қатысты түрлі ой-пікірлер көтерілді. Сондай-ақ, адамгершілік қағидаттарын қалыптастырудың, қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың және халықтың сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігін қалыптастырудың маңыздылығы тақырыбы қозғалды.
Облыстық Клуб түрлі конфессиялар өкілдерінің диалогы, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды нығайту алаңы болып табылады.