
2024 жылғы 16 қазанда Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне орай діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі мереке аталып өтті.
Шараның мақсаты - конфессияаралық келісім мен диалогты, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту.
Шара аясында «OЙLIKE» зияткерлік сайысы өткізіліп, қатысушыларға арнайы сый-сияпаттар табыс етілсе, кеш соңында діни бірлестіктердің басшылары арнайы алғыс хатпен марапатталды.