
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 7-11 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Батыс Қазақстан облысына іс-сапарға келді.
Аталған іс-сапардың мақсаты жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Аталған іс-шараға: Смадьяров Бахтияр Серікұлы – Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушысы, Мейірбеков Данияр Еркінұлы - «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті магистр, оқытушысы, Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы - Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ аға оқытушы, теология ғ. PHD, Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы - «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы қатысты.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жұмыссыз жастар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, университет және колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.
Олар жастар арасында «Зайырлылық қағидаты - Қазақстан Республикасының болашағының кепілі» және «Деструктивті діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Діндар азаматтардың зайырлы қоғамдағы орны» және «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Зайырлық – мемлекеттің рухани тірегі», «Діни экстремизм мен терроризм көріністері» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.