2024 жылдың 8 қазанында Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы – М. Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XXІІ Хатшылығының отырысы өтеді.
Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің қорытындылары бойынша пікір алмасу, сондай-ақ VIІI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің күн тәртібін талқылау жоспарланған.
Өтетін күні: 8 қазан 2024 жыл.
Өтетін орны: баспасөз орталығы, Астана қ, Тәуелсіздік даңғылы 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, 5-қабат.
Іс-шараның басталуы: сағат 10.00.
2024 жылдың 9 қазанында Астанада, Тәуелсіздік сарайында Жас діни лидерлер форумын өткізу жоспарлануда.
Форумның мақсаты әртүрлі конфессиялардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, жас ғалымдар мен саясаткерлердің жас өкілдерін қазіргі заманның өзекті мәселелерінің шешімдерін іздеуге, сондай-ақ сабақтастықты қамтамасыз етуге және дәстүрлерді сақтауға, дінаралық және мәдениетаралық диалог және рухани дипломатияны кеңінен тартуға бағытталған.
Өтетін күні: 9 қазан 2024 жыл.
Өтетін орны: баспасөз орталығы, Астана қ, Тәуелсіздік даңғылы 52, Тәуелсіздік сарайы, 2-қабат.
Іс-шараның басталуы: сағат 10.00.
XXІІ Съез Хатшылығын және Форум жұмысын ақпараттық сүйемелдеу және қазақстандық БАҚ аккредиттеу үшін сіздерден 2024 жылдың 2 қазанынан кешіктірмей көрсетілген байланыс номерлері бойынша тіркелулеріңізді сұраймыз: +7707 850 89 50 Айлаш Жанар, +7702 790 06 85 Булаткызы Саманта.