Орал қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы

Орал қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы

28 шілде күні Орал қаласының Бас санитарлық дәрігерінің «Орал қаласының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін іс-шараларға тыйым салу туралы» №64  ҚАУЛЫСЫ шықты.
Қаулыға сәйкес, Орал қаласының әкімдігіне, Орал қаласының полиция басқармасына, БҚО дін істері басқармасына, Орал қаласының бас имамына, Құрбан айт мерекесін тойлау кезеңінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында төмендегі іс-әрекеттерге тыйым салынады:
1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;
2. Орал қаласының аумағында Орал қаласының әкімдігі белгілеген орындардан басқа жерлерде мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде мал сатуға;
3. 31 шілдеден 2 тамыз аралығында Орал қаласының бас имамы белгілеген онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтарының жұмысын тоқтату;