«Сананы радикалдандыру мәселесінің балалар мен жастардың ұлттық бірегейлігіне қауіптілігі» тақырыбында оқыту семинары өтті

«Сананы радикалдандыру мәселесінің балалар мен жастардың ұлттық бірегейлігіне қауіптілігі» тақырыбында оқыту семинары өтті

2024 жылдың 20 қыркүйек күні қалалық және аудандық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Жаһандық құзіреттілік» пәнінің мұғалімдеріне арналған «Сананы радикалдандыру мәселесінің балалар мен жастардың ұлттық бірегейлігіне қауіптілігі» тақырыбында оқыту семинары оздырылды.

Семинарға спикер ретінде М.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы, дінтанушы-теолог Асқар Кәлімжанұлы Сабдин шақырылып, дәріс оқыды.

Семинар барысында діни деструкция туралы, адамның бойындағы агрессия мен радикализмнің және экстремизм мен терроризмнің белгілері және оңалту тетіктері туралы тақырыптар қозғалды.

Дәріс соңында қатысушылар тарапынан оқушылардың діни рәсім орындауы, сыртқы атрибутикасы туралы сұрақтары мен пікірлерін ортаға салды.