Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев облыс имамдарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев облыс имамдарымен кездесті

2024 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президентінің кеңесшісі М.Отарбаев облыс имамдарымен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын талқылады. Шараға мемлекеттік орган басшылары мен дін саласының мамандары қатысты. Қазіргі таңда діни қызметкерлердің жан-жақты білімді, біліктілігі жоғары болуы керектігі жөнінде айтылды. Ұлттық рухани құндылықтарды халыққа дәріптеуде заман талабына сәйкес болуы туралы пікір жеткізілді.

Жиында туындаған сұрақтар мен пікірлерге жауап алмасып, мазмұнды және нәтижелі басқосу өткізілді.