
2024 жылдың 9-18 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік сатып алу шеңберінде «Бақытты бала 3» атты балаларға арналған жазғы лагерь ұйымдастырылды.
Лагерь ұйымдастырудағы басты мақсат мектеп жасындағы балалардың жазғы демалыс уақытын пайдалы өткізу, олардың қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін, жан-жақтылығын дамыту және өскелең ұрпақты өз халқының тарихы мен шежіресін, салт-дәстүрін, дінін, мәдени қасиеттері мен ұлттық құндылықтарын түсіне алатын ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу.
Лагерь барысында балаларға діни, тарихи бағытттағы дәрістер жүргізілді, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесе отырып, қатысушылар ұлттық спорт түрлерімен таныстырылды және ер балаларға футбол ойынынан шеберлік сағаты, сондай-ақ қыз балаларға тәттілер дайындаудан шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Сонымен қоса, қазіргі таңда жастар арасында заманауи сұранысқа ие мобилография курсы өткізілді. Лагерь соңында әр балаға сыйлыққа планшет табысталды. Лагерь 2 ауысымнан өткізіліп, жалпы 30 бала қамтылды.