
Шаһарымыздың төріндегі “Атамекен” өнер ордасында, ұлттық аспабымыз домбыра күні қарсаңында, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының үйымдастыруымен әдемі жыр кеші ұйымдастырылып қасиетті домбыра күні атап өтілді. Шараға қонақ ретінде Республикаға танымал Алмас Алматов, Дидар Қами, Әділбек Сарин сынды майталман өнерпаздар арнайы шақыртылды. Бұған қоса өңіріміздің талантты өнерпаздары да сахна төрінен табылды. Жыр тыңдауға өңіріміздің руханиятының дамуына үлес қосып жүрген ардагерлер мен ақсақалдар алқасының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, арнайы шақыртылған сыйлы қонақтар, ҚМДБ БҚО имамдары, жастар және дәстүрлі өнерге таласы бар басқа да қала тұрғындары келіп қатысты. Тәрбие мен тағылымға толы шараның қорытындысын БҚО әкімі аппаратының басшысы Н.С.Ораз түйіндеп, Ақжайық өңіріне арнайы шақыртылған қонақтарға халықтың атынан алғыс білдіре отыра көрермендерге өңір басшысының атынан гүл шоғын табыстады. Шараны ұйымдастырған Qubyla media мен Oral.din ұжымына, Aqiqat қоғамдық бірлестігіне және Ruh team оқырмандар клубының белсенділеріне үлкен алғысымызды білдіреміз! Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра!