«Деструктивті діни ағым өкілдерін оңалту әдістері» тақырыбында облыстық дінтанушылар мен имамдардың біліктілігін арттыруға арналған онлайн-семинар

«Деструктивті діни ағым өкілдерін оңалту әдістері» тақырыбында облыстық дінтанушылар мен имамдардың біліктілігін арттыруға арналған онлайн-семинар

Ағымдағы жылдың 13-23 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, облыстық дінтанушылар мен имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында «Деструктивті діни ағым өкілдерін оңалту әдістері» тақырыбында онлайн-семинар өтеді. Семинар Zoom-қосымшасы арқылы өтеді. Он күнді қамтитын онлайн-семинар 13-17 шілде күндері аралығында теология ғылымдарының магистрі, исламтанушы Серік Тәжібаевтің, 20-21 шілде күндері «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының басшысы, психолог, филолог Индира Беркімбаеваның, 22-23 шілде күндері теология ғылымдарының магистрі, Әл-Азһар университетінің түлегі Рауан Чангужановтың қатысуымен өткізіледі. Семинар соңында қатысушыларға біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификат табысталатын болады.