
2024 жылғы 28 мамырда Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Бірлік - әралуандықта» тақырыбында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын өткізді.
Дәстүрлі түрде отырыс бейресми форматта өтті. Отырыс барысында халықтың рухани өсуі, діни төзімділік, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, көзқарастар мен дүниетанымдардың ортақтығы мәселелері көтерілді. Қоғамда моральдық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық мәселелері талқыланды. Басқарма басшысы Нығметов Т.Р. уағыздармен мен жеке әңгімелер арқылы халыққа сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділіктің маңыздылығы туралы хабарлауды ұсынды.
Сонымен қатар, отырыс барысында Басқарма басшысы өңірімізді де қамтыған су тасқыны кезінде діни бірлестіктер барлығымен бірге қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып, зардап шеккендерге қолдан келгенше көмек көрсетіп, адамдарды табиғи апат жағдайында біріктіргенін атап өтті.
Облыстық Клуб конфессиялар диалогы мен мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды нығайту алаңы, бұл біздің азаматтарымыздың тұрақтылығы мен әл-ауқатына маңызды үлес.