
Ал Сіз діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді енді электрондық форматта алуға болатынын білдіңіз бе? 😯⠀
⠀
Иә-иә, бұдан былай қызметті алушылар www.egov.kz сайтында үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім бере алады! 😁🖥 ⠀
⠀
Порталда діни қызмет саласындағы келесі мемлекеттік қызметтер қол жетімді 👌🏻: ⠀
⠀
1. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу;⠀
2. Дінтану сараптамасын жүргізу;⠀
3. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру;⠀
4. Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру;⠀
5. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру;⠀
6. Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру.⠀
⠀
📃 Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі:⠀
⠀
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020256);⠀
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 95 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларында (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020216) көрсетілген.⠀
⠀
#дін #дінсаласы #мемлекеттікқызметтер #дік #ақдм
https://www.instagram.com/p/CBlA-4vpD-Z/?igshid=1cvih44et06v