
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Орал қаласы әкімдігі және Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің» студенттерімен кездесу өткізілді.
Шарада жастар арасында экстремистік және террористік әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ақпарттық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Терроризм актісі қаупі төнген кезде террористік тұрғыдан осал объектілері мен халықтың лауазымды адамдарының, басшыларының, персоналының, окушыларының іс-әрекеті бойынша бейнероликтер көрсетіліп, нұсқаулықтар түсіндірілді. Сондай-ақ терроризм актісі туралы жалған хабардың таралуына жол бермеу жөнінде ақпарат жеткізілді, ол үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273 - бабы бойынша бес жылға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін жеткізді.