Жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2024 жылдың 7 ақпанында «Светлячок» турбазасында БҚО полиция департаменті, «Жас ұрпак» ұйымы, қалалық «Орал жастары» жастар ресурстық орталығы, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Достық» клубының командасының қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын және патриотизмді насихаттау мақсатындағы іс-шара өткізілді.

Шара барысында шақырылған жастар спорттық ойындарға, көңілді старттарға қатысты, сондай-ақ жастар алдында БҚО полиция депортаментінің полковнигі Ибраев С.Р., БҚО «Қоғамдық келісім» басшысы Туркина A.C., Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы А.Абдурашит сөз сөйлеп, пікір алмасты.