
2023 жылдың 29 қаңтар – 1 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары қаламыздың №17, №47, №48 жалпы орта білім беретін мектептерінде 9-11 сынып оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында дәстүрлі құндылықтар, отансүйгіштік, деструктивті діни ағымдардың адамға тигізетін кері әсері және олардан сақтану жолдары, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік мәселелері қозғалды.