Үздік теолог 2023

Үздік теолог 2023

2023 жылдың 28 қараша күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Үздік теолог –2023» сайысы өтті. Сайыс өңірдегі теолог мамандардың біліктілігі мен жан-жақтылығын арттыру және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар сайыстың 3 кезеңі бойынша бақ сынасты. Ашып айтқанда І кезеңде өздерін және атқарған жұмыстарымен таныстырып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. ІІ кезеңде интеллектуалды сұрақтарға жауап берді және ІІІ кезеңде залдағы көрермендер онлайн дауыс берді. Шара қорытындысы бойынша Сырым ауданының теолог маманы А.Бабаханов «Үздік теолог – 2023» атанды, ІІ орынды Ақжайық ауданының маманы Т.Пендебаев, ІІІ орынды Бөрлі ауданынан Қ.Жакенов иеленді. Жеңімпаздарға және қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.