Облыстағы діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті

Облыстағы діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысы өтті

2023 жылғы 6 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Ортақ құндылықтар – өзара диалогтың іргетағасы» тақырыбында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын өткізді.
Дәстүрлі түрде отырыс бейресми форматта өтті. Отырыс барысында конфессияаралық диалог, көзқарастар мен дүниетанымдардың ерекшеліктер мәселелері талқыланды.
Діни бірлестіктер қоғамда азаматтық бейбітшілік пен рухани келісімді нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. Мемлекет келіспеушіліктердің таралуына жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдаған жағдайда, облыстың діни бірлестіктерінің барлық басшылары жоғары азаматтық жауапкершілік танытатынын атап өту қуантады.
Облыстық клуб түрлі конфессиялар өкілдерімен диалог, пікір алмасу алаңы болып, өңірдегі тұрақты жағдайға елеулі үлес болып табылады.