Үздік имам 2023

Үздік имам 2023

Ағымдағы жылдың 29 қараша күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен өңірде жұмыс жасайтын мешіт имамдары арасында «Жыл имамы -2023» байқауы өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар дін саласының негізгі бағыттары бойынша өткізілген іс-шараларымен және ақпараттық кеңістіктегі жасалынған жұмыстарымен таныстырып өтсе, келесі кезеңде ақида, фиқһ, Құран, салт-дәстүр және тарих тақырыптарында білімдерін ортаға салды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды – облыстық «Ар-Рахман» мешітінің наб имамы - Убаев Наурыз иеленсе, екінші орын – Асан ауылдық мешітінің наиб имамы – Сексенбаев Ерболатқа бұйырды. Ал, «Жыл имамы – 2023» жобасының бас жүлде иегері – Облыстық «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы Кубаев Әділхан атанды. Байқау жеңімпаздары арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды.