
Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығымен 2023 жылдың 26 қазан – 20 қараша аралығында дінтанушы-теолог мамандардың қатысуымен арнаулы оқу орындарының студент жастары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліді.
Аталмыш шараға Дін мәселелерін зерттеу орталығы және «Қазақстан адам ресурстары» жеке ұйымының теолог мамандары қатысып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру жолдары және сақтану әдістері, дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер қарастырылып, студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.