Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз облыс имамдарымен кездесті

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз облыс имамдарымен кездесті

2023 жылдың 9 қарашасында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ораз бен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы С.Әлібаевтың қатысуымен имамдармен кездесу өткізілді. Шараға Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының міндетін атқарушы А.Қаратай және  дін саласының мамандары қатысты.

Кездесу барысында кадр мәселесі, діни рәсімдерді жүргізу және одан әрі мемлекеттік-конфессиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жиында туындаған сұрақтар мен пікірлерге жауап алмасып, мазмұнды және нәтижелі басқосу өткізілді.