
2023 жылдың 11-12 қазанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің гранттық қаржыландыруымен «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған екі күндік оқыту семинары өтті.
Оқыту семинары аясында халық арасында түсіндіру шараларын ұйымдастырудың әдістері, мақсатты топтармен коммуникациялық байланыс, шешендік өнер, көпшілік ортада сөз сөйлеудің тәсілдері және т.б. бағыттағы тренингтер өткізілді.
Шара барысында келесідей тақырыптар қозғалды: «Деструктивті діни ағым ұстанушылармен және олардың балаларымен жұмыс істеудің әдіснамалық негіздері» (педагогика және психология маманы Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы), «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылытың негізі ретінде» (әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы), «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» (дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы), «Ислам әлеміндегі алауыздықтың себептері мен шешу жолдары» (дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан).
Аталмыш шараға қала және аудандық мемлекеттік органдардың өкілдері, дінтанушылар, теологтар, психологтар, дәстүрлі діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.