Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

2023 жылғы 11 қазанда Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Өңірдегі конфессияаралық келісімді нығайту саясатын жалғастыру» тақырыбында діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысын өткізді.
Отырыс Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Т.Р. Нығметовтің кіріспе сөзімен басталып, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі А.В. Гусевтің баяндамасымен жалғасты. Баяндама барысында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 «Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Дінаралық диалог, дін қайраткерлерінің рөлі, қайырымдылықтың маңыздылығы талқыланды. Клуб отырысы бейресми жағдайда өтті, мазмұнды болды. Әр түрлі конфессия өкілдері диалог жүргізіп, пікір алмасты.