
2023 жылдың 14 қыркүйек- 5 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары 9-11 сынып оқушылар арасында дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен зайырлылық принциптері, ұлттық құндылықтар, дәстүрлі діндердің ерекшелігі, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі, деструктивті діни ағымдардың адамға тигізетін кері әсері және олардан сақтану жолдары, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, дінтану сараптамасынан өткізілген діни әдебиеттер, «97-20-61» сенім телефоны және т.б. мәселелер қозғалды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.