Бас мүфти облыстық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бас мүфти облыстық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

2023 жылдың 8 тамызында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти – Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына іс-сапармен келуіне орай облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, еңбек ардагерлері, мешіт ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері, имамдар, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесудің мақсаты – зиялы қауымға мемлекетіміздің  дін саласындағы саясатын және өңірдегі діни ахуал жөнінде кеңінен түсінік беру, ислам құндылықтарына, олардың қоғам өміріндегі маңызына терең тоқталу.

Кездесуде Наурызбай қажы Тағанұлы облыстарға барған сапарында аймақтағы ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, маңызды ақыл-кеңесін және нақты ұсыныс-пікірін тыңдайтындығын жеткізді.