
24-27 шілде аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтанушы Азамат Жамашев, Жамбыл облыстық мешітінің наиб имамы Нұралы Бақытұлы Батыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттары мен конфессияаралық келісімді нығайту, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және ілгерілету.
Келген мамандар Сырым, Бөрлі, Жаңақала және Бәйтерек аудандарында мешіт жамағатымен, Орал қаласындағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің №27, №28 түзету мекемелеріндегі сотталушылармен, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиелінушілерімен және Тәжиден Батырұлы атындағы мешіті мен Асан мешітінің жамағаттарымен кездесті. Сондай-ақ «Қазақстан Адам ресурстары» жеке мекемесінің және дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандарына арналған семинар өткізілді.