Басқарма басшысы Сырым ауданына барды

Басқарма басшысы Сырым ауданына барды

26-27 шілде күндері Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.Раманқұлов жергілікті жерлердегі жағдайды нақты бағамдау, тұрғындарды жеке қабылдаулар өткізу мақсатында жұмыс сапарымен Сырым ауданына барды.

Мақсат Аралбайұлы ауданға іс сапар барысында тұрғындарды діни бағыттағы жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кейін мекеме қызметкерлерімен, аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен, Бұлдырты ауылының жамағатымен, медицина және мәдениет қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Сырым аудандық мешітіне мониторинг жүргізді. Сонымен бірге Алаш музейіне барып, аудан тарихымен танысты.

Кездесулерде дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттары туралы, конфессияаралық келісім, деструктивті діни ағымдардан алдын алу  мәселелері айтылды.