Дінтанушы мамандар сауда орындары мен базар аумағында түсінік жұмыстарын жүргізді

Дінтанушы мамандар сауда орындары мен базар аумағында түсінік жұмыстарын жүргізді

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдар ықпалынан алдын алу мақсатында 17-19 шілде күндер аралығында Орал қаласында орналасқан сауда орындары мен базарлар аумағында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізді.   

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жоспарға сәйкес «Аяжан» сауда үйі, «Орал Арзан» дүкендері, «Мерей» және «Бәйтерек» авто бөлшектер базарларының сатушылары мен жұмысшылары қамтылды.

Кездесу барысында «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Батыс Қазақстан облысы бойынша сенімді діни парақшалар», «Білуіңіз керек!», «Кіру үшін сенімді ұсынылған сайттар» атты ақпараттық бүктемелер таратылып,  дінтанушы-мамандар тарапынан радикалды діни ағымдар туралы ақпарат жеткізілді.