
14 шілде күні Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.Раманқұлов жергілікті жерлердегі жағдайды нақты бағамдау, тұрғындарды жеке қабылдаулар өткізу мақсатында жұмыс сапарымен Тасқала ауданына барды.
Мақсат Аралбайұлы ауданға іс сапар барысында тұрғындарды діни бағыттағы жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кейін аудан әкімімен кездесіп, аудан орталығында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонымен бірге, жергілікті жастармен, мешіт жамағатымен, құқық қорғау органы өкілдерімен кездесу өткізілді. Сонымен қатар, Мереке ауылының тұрғындарымен ауылда мешіт салу бойынша жиын өткізілді.
Кездесулерде дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттары туралы, конфессияаралық келісім, деструктивті діни ағымдардан алдын алу мәселелері айтылды.