Облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

Облыстық терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті

30 маусым күні Батыс Қазақстан облысы әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлының төрағалық етуімен, облыстық терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа басқарма басшылары,  құқық органдары және аудан әкімдері қатысты.  

Күн тәртібіндегі мәселелері бойынша:

  1. ҚР-да діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындау жөніндегі шаралар қорытындылары және діни экстремизм мен террорризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған шаралардың жалпы мемлекеттік жүйесін дамыту кешенді жоспарын іске асыру туралы;
  2. Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы комиссиясының 2022 жылдың және 2023 жылдың отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы;

облыстық дін істері басқармасы басшысы Мақсат Раманқұлов пен облыс әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссия бөлімінің басшысы Талғат Нығметов баяндады.

Отырыс барысында күн тәртібіне қатысты көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, тиісті тапсырмалар берілді.