
2023 жылдың 22 маусымында Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ дін саласында өзара қызығушылықты білдіретін ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Екі жақты келісім шартқа Басқарма басшысы Мақсат Раманқұлов пен университет ректоры Жанар Темірбекова қол қойды.
Университеттің педагогикалық құрамымен және студенттермен кездесуде басқарма басшысы Мақсат Раманқұлов біздің өңірде дін саласындағы кадрлар тапшылығы бар екенін атап өтті. Болашақ дінтану, теология мамандарын мемлекеттік қызметте, құқыққорғау органдарына және облысымыздың басқа жерлерінде жұмыс істеуге шақырды.
Сонымен қатар, дін саласы бойынша сарапшылар мен мамандардың қатысуымен конференциялар, семинарлар, зерттеу жұмыстарын, тәжірибе алмасу сынды өзге де бағыттар бойынша бірлесіп жұмыстануға келісілді.