Басқарма басшысы Казталов ауданына барды

Басқарма басшысы Казталов ауданына барды

16 маусым Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсат Аралбайұлы жергілікті жерлердегі жағдайды нақты бағамдау, тұрғындарды жеке қабылдаулар өткізу мақсатында жұмыс сапарымен Казталов ауданына барды. Ауданға іс сапар барысында тұрғындарды діни бағыттағы жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кейін аудан орталығында орналасқан «Қос өзен» шекара заставасының, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, «Бөкей Орда» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымдарымен, маслихат депуттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар, Казталов аудандық мешітінде жұма намазына қатысып шықты. Кездесулерде дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттары туралы, конфессияаралық келісім, деструктивті діни ағымдар мәселелері айтылды. Жалпы, ағымдағы жыл соңына дейін аталған бағыттағы іс сапарлар облыстағы барлық аудандарға жоспарланған.