Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерді оқуға шақырады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті түлектерді оқуға шақырады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 30 жылдан астам жоғары білікті дінтанушы, исламтанушы, теолог мамандарды дайындайтын білім ордасы болып табылады.

2023 жылдың 29-31 мамыр аралығында дінтану, исламтану және теология білім бағдарламаларымен таныстыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті Сержан Қарсыбайұлы Оразбай біздің облысқа арнайы келді. Сапар барысында дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен, ҚМДБ өкілдері мен медресе шәкірттерімен және мектеп бітіруші түлектермен кәсіби бағдар бойынша кездесулер ұйымдастырылды.