
2023 жылдың 22-26 мамыр аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік ұйымдарының жұмысшылары мен такси жүргізушілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында дін мәселелері бойынша ақпараттар беріліп, «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!», «Батыс Қазақстан облысы бойынша сенімді діни парақшалар», «Білуіңіз керек!» атты арнайы флаерлер мен бүктемелер таратылды.