Қазақстан Республикасындағы Ватикан елшісінің міндетін атқарушымен жұмыс бабындағы кездесу

Қазақстан Республикасындағы Ватикан елшісінің міндетін атқарушымен жұмыс бабындағы кездесу

2023 жылғы 26 мамырда Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М. Раманқұлов Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциатура хатшысын (Ватикан елшілігі), Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы Апостолдық нунциатура істеріндегі Уақытша сенім білдірілген өкіл Микеле Туталоны қабылдады. Кездесуге Орал қаласындағы Католик Приходының басшысы және Басқарма қызметкерлері қатысты. Түрлі діндердің қатар бейбіт өмір сүруінің үлгісі болып табылатын Қазақстандағы конфессияаралық диалогтың маңыздылығы, өңірлердегі діни ахуалдың қазіргі жай-күйі және т. б. талқыланды.

Кездесу бейресми жағдайда өтті, мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өкілдері қоғамның игілігі үшін өзара іс-қимыл жасайтындығына байланысты мазмұнды болды.