
2023 жылдың 4-5 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Халықтың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігі» тақырыбында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Ағымдағы жылдың 4 мамырында өткен семинарға ақпараттық-түсіндіру тобының құрамындағы теолог мамандар және мешіт имамдары қатысты. Шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Р.Бахтиярова және SММ маманы, графикалық дизайнер А.Уалитханов шақырылып, «Адамның қабілеттерін ашу», «Әлеуметтік желідегі жеке брендті қалыптастыру және оны практикалық жүзінде іске асыру» тақырыптарында дәріс оқылды. Семинар қазақтың ұлттық дәстүрлерін дәріптеу мақсатында этностильде ұйымдастырылды. Шара соңында ұлттық ойын түрлерінен (садақ ату, ләңгі тебу, асық ату) сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Ал а.ж. 5 мамыр күні ұйымдастырылған семинарға қала және аудандық әкім орынбасарлары және ішкі саясат бөлімінің басшылары, терроризмге қарсы комиссия хатшылары, теолог мамандар, имамдар және БАҚ өкілдері қатысты. Семинарда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор А.Әкімханов «Деобанд мектебінің қалыптасу тарихы және діни саяси ұстанымдары» тақырыбында дәріс оқыды. Бұл ұстаным біздің қоғамда қалыптасқан мәдени және әлеуметтік құндылықтарға сәйкес емес, қазақ халқының әдет ғұрыптары мен салт дәстүрін дінге қайшы қойды. Аталмыш бағыттың батыс өңірінде де таралу үрдісінің байқалғанын ескере отырып, осы мәселе төңірегінде тереңірек талқыланды.