Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

26 сәуірде Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы «Бірлік әралуандықта» тақырыбында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын өткізді.

Клуб отырысы дәстүрлі түрде Орал қаласының діни бірлестіктерінің бірінде өтті.

Отырыс бейресми жағдайда өтті, диалог мазмұны жағынан толыққанды және маңызды болды. Конфессияаралық диалог, діни қызметтің заңнамалық негіздері, көзқарастар мен дүниетанымдардың ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды. Клуб түрлі конфессиялар өкілдерімен кездесу, пікір алмасу алаңы болғандықтан, бұл облыстың діни ахуалының тұрақтылығына маңызды үлес болып табылады.