Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді

Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді

2023 жылдың 18 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді.

Ашық есік күнінің мақсаты – мемлекеттік органның жұмысымен таныстыру, діни саладағы мемлекеттік саясатты қоғамға түсіндіру және жастарға бағыт-бағдар беру.

Қабылдау шарасында басқарма басшысы мен бөлім басшылары өңірдегі басқарманың негізгі қызметін, облыстағы діни ахуалды, діни бірлестіктермен жұмыс бағыты туралы таныстырды. Сонымен қатар, тұрғындардың мақсатты топ арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстардың жүргізілуі, шетелде діни білім алудың артықшылығы мен зияны, діни құқықбұзушылыққа қатысты мәселелер айтылды. Азаматтар өздерінің толғандырған мәселелері бойынша сауалдарына жауап алып, өтініш-тілектерін жеткізді.