Басқарма басшысы аудандардағы діни ахуалмен танысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Басқарма басшысы аудандардағы діни ахуалмен танысты және түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2023 жылдың 20-24 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсат Аралбайұлы Раманкулов Казталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы, Жаңақала, Ақжайық аудандарында іс-сапармен барып, аудан әкімдерімен, діни бірлестік басшыларымен және дін саласына жауапты мамандармен жеке кездесіп, аудандық діни ахуалмен танысып, дін саласындағы мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар мақсатты топтармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесулерде аудан тұрғындары, жастар, соның ішінде колледж студенттері және мешіт жамағаты қамтылды.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, халықтың  діни-құқықтық сауаттылықтарын арттыру, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау.

Кездесуде басқарма басшысы облыстағы жалпы діни ахуал туралы, діни радикализмнің алдын алу туралы, теріс діни ағымның зардаптары, жастарға облысымыздағы діни конфессиялардың айырмашылықтары мен ерекшеліктері, уақытты пайдалы өткізу, білім алу, еңбек ету, ата-анаға қызмет ету мәселелеріне тоқталды.