«Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында облыс имамдарының кеңейтілген алқалы жиыны өтті

«Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында облыс имамдарының кеңейтілген алқалы жиыны өтті

2023 жылдың 6 ақпанында Орал қаласының орталық мешітінде облыстық бас имам Самат Қанатқалиұлы Алибаевтың төрағалығымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында облыстық имамдардың алқалы отырысы өткізілді. Шараға Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсат Аралбайұлы Раманкулов және дін саласының мамандары қатысты.

Отырысты бас имам Самат Қанатқалиұлы Алибаев ашып, сөз кезегін дін істері басқармасының басшысына ұсынды. Мақсат Раманкулов жаңадан тағайындалған өкіл имамның жұмысына сәттілік тілеп, осы кезге дейін өкіл имам қызметін атқарып келген Сабралиев Бақытжанға облыс әкімінің алғыс хатын жеткізді.

Кездесу барысында мешіттердің құрылысы, радикализмнің алдын алу шаралары, кадр мәселесі және одан әрі мемлекеттік-конфессиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.