«Орал қаласындағы діни ахуал және жастардың діни сауаттылығын арттыру туралы»

«Орал қаласындағы діни ахуал және  жастардың діни сауаттылығын арттыру туралы»

2022 жылдың 13 желтоқсанында «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында Орал қалалық мәслихаты  әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының 2022  жылға арналған  жұмыс жоспарына сәйкес  «Орал қаласындағы діни ахуалды тұрақтандыру және  жастардың діни сауаттылығын арттыру туралы» күн тәртібімен қалалық мәслихат депутаттары,  облыстық дін істері басқармасының өкілдері, білім беру ұйымдары, қала әкімінің орынбасары, мешіт имамдары және ақсақалдар алқасының қатысуымен дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.

Кездесу барысында облыстағы діни ахуал, имамдардың әлеуметтік жағдайы, мешіттердің қазіргі ахуалы, халық арасында атқарылып жатқан шаралар туралы айтылды.