ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Егізбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында 2022 жылдың 8 желтоқсанында Бәйтерек ауданының тұрғындарымен кездесу, азаматтарды жеке қабылдау, аудан әкімі және аппарат қызметкерлерімен кездесті.

2022 жылдың 9 желтоқсанында министрліктің салалық басқарма қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге қоғамдық даму, дін істері басқармалары, ведомстволық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.

Кездесуде дін саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатырған қызметтер жөнінде, соның ішінде елімізге дін саласында мамандар дайындауда көрсетілген қолдаулар туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Б.Сабралиев баяндады.

Сонымен қатар, жиында облыстың  қоғамдық мәселелеріне қатысты белсенді диалог орнады. Ұсыныстар айтылды, пікір алмасылды.