Встреча с религиоведом Жолдыбайулы Кайратом

Встреча с религиоведом Жолдыбайулы Кайратом

 

2022 жылдың 4 желтоқсанында  Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ ұйымдастыруымен Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Қ.Жолдыбайұлының қатысуымен жастармен кездесу өткізілді.

Шараның мақсаты – жастарға зайырлы мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеуді түсіндіру, қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, білімдерін, ой-өрістерін кеңейту, толеранттылық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, ұлттық-мәдени құндылықтарды сақтауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кездесу облыстық дін істері басқармасының басшысы М.Раманкуловтың алғы сөзімен басталды. Шара барысында дінтанушы  Қ.Жолдыбайұлы жастарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, «Кемел адам» кітабына қысқаша тоқталып өтті.

Шара соңында, әлеуметтік желіде өткізілген конкурс нәтижелері бойынша жеңіске жеткен қатысушыларға «Кемел адам» кітабы мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, 2 желтоқсанда өткен «ОЙLIKE» зияткерлік сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, тағы да 7 көрерменге «Кемел адам» кітабы автордың өз қолымен табысталды.