Облыстық орталық мешітінің ақсақалдар кеңесімен кездесу өтті

Облыстық орталық мешітінің ақсақалдар кеңесімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні облыстық орталық мешіттің Н.Абдукаев бастаған Ақсақал кеңесінің қатысуымен «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының кеңес залдарының бірінде жиын өткізілді.  

Ақсақалдар кеңесі ұсынысымен жиынды дін істері басқармасы басшысы - М.А.Раманқұлов бастап ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді ретімен баяндап, жүргізіп отырды.

Кездесуге ақсақалдар кеңесің құрамы (14-адам), Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасының БҚО бойынша өкілдігінің бас имамы – Б.Қ.Сабыралиев, дің істері басқармасы мамандары, «Аманат-жайық» қоры төрағасы – Е.Е.Доспаев қатысты.

Жиын барысында, облыстық мешіттің жөндеу жұмыстарын, мешіт қызметін ұйымдастыру, ақсақалдардың басын қосу мәселелері қарастырылды.  Отырыста облыстық мешіттің сыртқы жөндеу жұмыстарын ретке келтіру  мәселесі шешілді.

Алдағы уақытта осы құраммен тағы да жиын өткізіп, сол кезде күн тәртібінде көтерілген мәселелердің орындалу барысына есеп беру туралы келісілді.