Облыстық АТТ мүшелері аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Облыстық АТТ мүшелері аудандарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2022 жылдың 26 қыркүйек – 7 қазан аралығында Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «Қазақстан халықының рухани және мәдени мұрасын сақтау» тақырыбында Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Бөкей Орда, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында халықтың мақсатты топтармен  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, халықтың  діни-құқықтық сауаттылықтарын  арттыру, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау.

Кездесулерге облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, «Аманат –Жайық» ҚҚ теолог мамандары Б.Адайхан, А.Қуан, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары М.Алиасқар, Ф.Мулдагалиева және  «Ақиқат» ҚҚ теолог маманы Т.Пендебаев қатысты.