
А.ж. 19 - 23 қыркүйек аралығында дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Бөрлі, Сырым, Ақжайық, Бәтерек Және Теректі аудандарында колледж студенттеріне, дінтану, тарих пәндерінің мұғалімдеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, діндар әйелдерге, жастар және мешіт жамағатына, сонымен қатар Орал қаласындағы ЖОО мен колледж студенттеріне, еріктілерге, экстремизм және терроризм бабымен сотталғандарға, «Жусан» операциясы аясында өңірге қайтарылғандар және діндар әйелдерге, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының және дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлерімен тәжірибе алмасып, пікір алмасты.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда радикалдық идеологияға деген иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттары мен конфессияаралық келісімді нығайту, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және ілгерілету.
Аталмыш кездесулерге республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, «Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ бөлім басшысы Г.Далабаева, Ақтөбе облысы «Ихсан» орталығы қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Р.Бисембаева, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының профессоры, философия ғ.д., доцент Г.Жұманова, Ақтөбе облысы «Ихсан» орталығы қоғамдық бірлестігінің психолог маманы Э.Әділханова, «Mugla Sitki Kocman» университетінің Phd докторанты Ж.Ахан, Ақтөбе облысының «Аңсар» ақпараттық-талдамалық орталығы» КММ басшысы Н.Жаншин, Ақтөбе облысы «Ихсан» орталығы» ҚБ директоры М.Қалманов және Нұр-Сұлтан қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС, теолог маманы, исламтанушы Д.Тойғылы қатысты.