Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

2022 жылғы 29 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасымен «Барлық діндердің өзара құрметі мен теңдігін қолдау бағытын сақтау» тақырыбында діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын өткізді.

Бұл жолы клубтың отырысы «Қасиетті құдай ана қажырлы жәрдем» Рим Католик Приходында өтті.

Отырыс барысында дінаралық диалог, дін қайраткерлерінің рөлі, жастарды тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Клуб отырысы бейресми жағдайда өтті, әр түрлі конфессия өкілдері диалог жүргізіп, пікір алмасып, бір-бірін тыңдап, мазмұнды болды.