Облыс жастарымен тимбилдинг

Облыс жастарымен тимбилдинг

Облыс жастарын біріктіріп, кітап оқуға баулу, дамушы орта құру мақсатында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 6 тамыз күні «Хан тоғайы» демалыс орнында тимбилдинг өткізілді.

Шара басында Орал жастары танысып, бір-біріне сыйлықтар ұсынды. Көтеріңкі көңіл күйде қатысушылар 3 топқа бөлініп, 6 бекеттен тұратын ойын-тапсырмаларын орындады. Ойын-тапсырмада қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халық әндері орындалды, қатысушылардың қызығушылық танытты. Ойынға еріктілер белсене қатысып, бір-бірін жақынырақ тани түсті.

Эстафета аяқталған соң «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологі Бақтыгүл Өтегенқызы «Дін және жастар» тақырыбын байланыстыра TED X форматында сөз сөйледі. Алаш зиялыларының рөлін және кітап оқу маңыздылығын еске түсіріп, өмірлік ақыл-кеңесін берді.

Одан кейін қазақы дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Зерде» ұлттық ойыны ойнатылды. Кеш соңында жастар «Достар» қазақ халық әнін шырқады. Тимбилдинг жастардың көңілінен шығып, алдағы уақытта тұрақты түрде осындай форматта іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстар айтылды.