Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының нысаналы топтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы жоспары бекітілген болатын.
Жоспарға сәйкес 2019 жылдың 6-8 ақпан аралығында облыстық мобильді ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Раманкулов пен Н.Данаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Темиров, аудандық жастар ресурстық орталығының теологы Е.Султанов, «Руханият» діни қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Мухангалиеваның қатысуымен мектеп оқушылары мен колледж студенттері, мектеп ұжымы мен ата-аналары, сауда орындарындағы азаматтар және мешіт жамағаты арасында кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесу барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, деструктивтік діни ағымдардың идеологиясына қарсы тұру жолдары, сақтану әдістері және т.б. да мәселелер қарастырылды.
Сондай-ақ, шара барысында арнайы бейнефильмдер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Арнайы құрылған облыстық мобильді топтың қатысуымен бұл бағыттағы жұмыстар басқа да аудандарда жалғасын табады.