
2019 жылдың 29-30 сәуір күндері Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Дін атын жамылған экстремизм және дерадикализация» тақырыбында облыстағы ақпаратық-түсіндіру топтар мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Дін саласында түрлі сұрақтарға жауап беретін, бұқара халықпен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының» директоры, теолог Сабдин Асқар Кәлімжанұлы және жергілікті тарихшы-дәріскерлер өз дәрістерін өткізді.
Семинар барысында Асқар Кәлімжанұлы, дерадикализация жұмыстары барысындағы субъектінің құзыреттілігі мен теологиялық дерадикализацияның ислам тарихындағы орны және оның негізгі құраушы элементтері жайында айтып, Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымдар, қозғалыстар, әдебиеттер және материалдарды ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелеріне таныстырды. Сондай-ақ, дін саласындағы басқа да өзекті мәселелер кеңінен қызу талқыға салынып, түсіндіру жұмыстары жоғары тиімді болып бағаланды.